«Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Тіркелген мекен-жайы |
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай селосы, Тәуелсіздік көшесі 18 үй |
Ашылған уақыты |
2007ж |
Балабақша меңгерушісі |
Омарова Мейрамгул Бактыгаликызы |
Балабақша территориясының жалпы аумағы |
342,2 ш/м |
Балабақша ғимаратының аумағы |
1609 ш/м |
Нысанның қызмет түрі |
Мектепке дейінгі білім беру |
Қолданыстағы инфрақұрылым |
"Айгөлек" бөбекжай-бақшасы"МКҚК бір қабатты, бейімделген ғимаратта орналасқан. Балабақша аймағы қоршалған, көгалдандырылған.Жер учаскесінде топтық алаң аймағы, шаруашылық аймағы қаралған. Ғимаратта әкімшілік үй-жай, топтық бөліктер, ас блогы, кір жуатын бөлме, медициналық кабинет орналасқан. |
Балалар саны |
Барлығы – 40 Ортаңғы топта – 20 Кіші топ- 20 |
Педагогтар саны |
Барлығы- 5 педагог Жоғары білімді – 4 Арнаулы орта білімді – 1
|
Жұмыс кестесі: 5 күндік жұмыс аптасы 8:30-18:00 дейін.
Сенбі,жексенбі демалыс
Мақсаты:Мектепке дейінгі жастағы тұлғаның жан-жақты дамуы,оның физикалық және эмоционалдық денсаулығын сақтау және ныіайту үшін білім беру процесінің барлық қатысушылары-педагогтардың,ата-аналардың,балалардың тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету.
МДҰ жұмысының негізгі міндеттері:
1.Тәрбиеленушілердің келешек өмірінде басты дағдылар:креативтілігін,сыни ойлауын,коммуникативтілік дағдыларын дамыту үшін балабақшада жасалатын жұмысты іске асыра білу.
2.Балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру.
3.Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес топтардағы тақырыптық ортаны жақсартуды жалғастыру-балалар ойындарының бұрыштарын материалдармен толықтыру,ғылыми зерттеу жұмыстарына жағдай жасау.
4.Өздігінен білім алу,семинарларға,шеберлік сыныптарына қатысу,біліктілікті арттыру курстарында оқыту арқылы педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру.
5.Ата-аналардың балаға салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы білім деңгейін көтеруді жалғастыру.
6.Танымдық және зерттеу жұмыстарына назар аудару.
7.Әлемдегі казіргі жағдайға сәйкес балалар үшін қауіпсіз өмір негіздеріне ерекше назар аудару.
8.Балаларды адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу бойынша мектепке дейінгі топтармен
отбасылардың бірлескен жұмысын жоспарлау.
Мемлекеттік стандартқа сай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып бес сала бойынша жылдық жоспар құрылды.
Білім беру салалары: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»
Мекеме жетістіктері:
2010 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 19 жылдығына орай жақсы жетістіктерге жеткені үшін «Үлгілі мекеме» атағына ие болды.
2011 жылы ауданда білім жүйесінің дамуындағы жоғары жетістіктері және саналы тәрбие берудегі табыстары үшін «Үздік балабақша - 2011» болып жарияланды.
2014 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған сайыста «Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік үлескесі», III дәрежелі диплом.
2014 жылы республикалық білім беру жүйесі бойынша «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы «Білім көшбасшысы – 2014» атағымен марапатталды.
2015 жылы аудандық аймақты абаттандыру бойынша «Үздік мектепке дейінгі ұйым ауласы» аудан әкімінің 200 000(екі жүз мың) теңге грантын иеленді.
2015 жылы «Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақстан – достық пен бірлік түғыры» атты мәдени шараға белсене қатысқаны үшін Бала-бақша ұжымына алғыс білдіреді.
2016 жылы аудандық балабақшалар арасында өткен сайыста білім саласындағы жетістіктері үшін «Үздік балабақша ауласы» деп танылып, аудан әкімінің 200 000(екі жүз мың) теңге грантын иеленді.
2014 жылы «Мектеп жасына дейінгі баланың құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдістері» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар жоғары дәрежеде өтілді. Семинарда ашық оқу іс-әрекетін өткізген тәрбиешілер, балабақша меңгерушісі, әдіскері облыстық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2019 жылы «Шебер педагог - заман талабы» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған аудандық семинар өткізілді. Педагогтар аудандық білім бөлімінен алғыс хатпен марапатталды.
2020 жыл Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2020» «Алғыс хат».
11. 2022 ж 2019 жылы «Шебер педагог - заман талабы» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған аудандық семинар аудандық білім бөлімінен алғыс хатпен марапатталды.
12. 2023 жылы аудандық балабақшалар арасында өткен сайыста білім саласындағы жетістіктері үшін «Үздік балабақша ауласы» деп танылып, аудан әкімінің Алғыс хат иеленді.
13.Қ Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» «Қыс ғажайыптары »атты мектепке дейінгі тәрбиеленушілермен ,мектеп оқушыларына арналған VI Республикалық байқауда балалардың шығармашылық мүмкіндіктеріне қолдау көрсеткені үшін Кубок пен Алғыс хатпен марапатталды.